Talent Apply
Log in
All jobs
NU

Дайындық мектебінің математика оқытушысы

Nazarbayev University
Astana, ASTANA, Kazakhstan Posted Oct 12, 2026
Full-timeOn-site

About this role

Company Description

Назарбаев Университетінің профилі

Назарбаев Университеті (НУ) — Қазақстанның Астана қаласында орналасқан, оқыту үдерісі ағылшын тілінде жүргізілетін зерттеу университеті. Университет 2010 жылы Қазақстанның жетекші академиялық оқу орны ретінде құрылып, әлемнің жетекші университеттерімен серіктестік орната отырып, әлемдік деңгейдегі озық зерттеу университеті ретінде халықаралық мойындалуды мақсат етті.

НУ-ға қабылдау үдерісі жоғары бәсекелестік негізінде жүзеге асырылады және университет Қазақстаннан және өңір елдерінен ең үздік талапкерлерді қабылдайды. Құрылғанына небәрі 13 жыл ішінде НУ халықаралық деңгейде елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, Times Higher Education Global Ranking 2024 рейтингіне енді және әлемдегі зерттеу университеттерінің үздік 30%-ының қатарына кірді.

Қазіргі таңда Назарбаев Университет Орталық Азиядағы жетекші университет болып табылады.

Дайындық мектебі

Назарбаев Университетінің Дайындық Мектебі 2010 жылы University College London бірлесіп құрылды. Дайындық Мектебі Назарбаев Университетінің ең алғашқы бөлімшесі болып табылады.

2015 жылы Назарбаев Университеті өзінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасын (NUFYP) құрды. Бұл бағдарлама қазақстандық студенттер үшін арнайы әзірленген және студенттерді әлемнің ең үздік ағылшын тілді университеттерінде оқуға дайындайды.

NUFYP-ті бітірген студенттердің басым көпшілігі Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына сәтті оқуға түсті, ал біршама студенттер бірден халықаралық университтерде білімдерін жалғастырды.

Job Description

NUFYP математика бойынша оқытушы ретінде сіз аптасына 16-18 сағат студенттермен байланыста боласыз (мысалы, дәрістер, семинарлар, офис-сағаттар) және жұмыс топтарында сегіз сағат қолдау жұмысын атқарасыз (мысалы, материалдар әзірлеу, бағалау тапсырмаларын жасау).

Qualifications

  • Сәтті кандидат Қазақстандағы қарқынды бакалавриатқа дейінгі дайындық бағдарламасында тиімді басқару, оқыту және жұмыс істеу үшін қажетті біліктілігі мен тұлғалық қасиеттерін көрсете алуы тиіс.

  • Математика немесе сабақтас салада аяқталған магистр дәрежесі және тиісті жұмыс тәжірибесі;

  • бірыңғай оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін бірлесіп сабақ беру қабілетімен ұштасқан тамаша педагогикалық құзыреттер;

  • мықты еңбексүйгіштіктің, жетілген кәсіби мінез-құлықтың және үлгілі тұлғалық қасиеттердің дәлелі;

  • көпмәдениетті білім беру ортасында ынтымақтаса жұмыс істей алу қабілетін көрсететін тәжірибе;

  • ағылшын тілін жетік білу және жалпы коммуникативтік дағдылардың тамаша болуы, жазбаша және ауызша нұсқауларды орындай алу;

  • Назарбаев Университетінің негізгі құндылықтарына үлес қоса алу.

Additional Information

Өтінім беру үшін сілтемеге өтіп, мына құжаттарды жүктеңіз (мүмкін болса, PDF форматында):

  • Резюме (CV): ең көбі 4 бет (қалыпты қаріп пен интервал). Осы 4 беттің ішіне кемінде екі референттің байланыс деректерін және қазіргі/соңғы жетекшіңіздің байланыс деректерін енгізіңіз. Ескерту: қысқа тізімге енгізіліп, рұқсат бермейінше, референттермен/жұмыс берушімен байланысқа шықпайды.
  • Жеке ілеспе хат (ең көбі 1 бет).
  • Жеке құжат, онда мыналар болуы тиіс: (1) өтінім беру себептерін/мотивацияңызды баяндайтын шамамен 100 сөзден тұратын абзац; (2) оқыту философияңызды сипаттайтын 50 сөзден аспайтын бір сөйлем; (3) мына сөйлемдерді толықтыру:

a) Менің білімім мені CPS-те сабақ беруге дайындайды, өйткені…

b) Менің кәсіби тәжірибем мені foundation бағдарламасында сабақ беруге дайындайды, өйткені…

c) Менің жеке басым мен мінезім Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге сәйкес келеді, өйткені… Қазіргі кезеңде басқа ешқандай материал жүктемеңіз (тек үш құжат).

Қысқа тізімге енгізілмес бұрын кандидаттардан Кәсіби/тұлғалық тапсырманы орындау сұралуы мүмкін.

Келісімшарт ұсынылған кандидаттар сотталмағандығы туралы анықтама, дәрежелерін растау және қажет болуы мүмкін өзге де құжаттарды ұсынуы тиіс.

Өтінімдерді қарау дереу басталады; 2026 жылғы 25 қазанға дейін түскен өтінімдер қабылданады, қорытынды сұхбаттар қараша айының басында жоспарланған; лауазымға кірісу – 2027 жылдың қаңтар айының басында.

Қосымша ақпаратты Назарбаев Университетінің ресми сайтынан табуға болады: www.nu.edu.kz.

Назарбаев Университеті – тең мүмкіндіктер беретін жұмыс беруші (EOE).

Your next opportunity starts here

Prepare, apply, track, interview and get hired — all from one platform, with AI in your corner.

Download app

Or sponsor Premium for someone who's job hunting →